Қор басшысы Әбілқайыр Сқақов бірнеше филиалдың директорын таныстырды.
Басқарма төрағасының бұйрығымен Бахит Исмаханбетов Қордың Түркістан облысы бойынша филиалының директоры қызметіне тағайындалды. Бұған дейін Маңғыстау және Қызылорда облыстары бойынша филиалдарын басқарған. Оның 36 жылдан астам үлкен жұмыс тәжірибесі бар әрі оның 29 жылын басшылық лауазымдарда атқарды.
Сәбит Құралбек Жамбыл облысы бойынша филиалына басшы болып келді. Бұрын ол Шымкент қаласы, Алматы және Атырау өңірлерінің филиалдарын басқарған. 28 жылдан астам тәжірибесі бар, оның 20 жылын басшылық қызметтерде істеді.
Өз кезегінде Ләззат Әлімова Жамбыл облысы бойынша филиал директоры қызметінен Шымкент қаласы бойынша филиал директоры болып ауыстырылды. Ол 36 жыл еңбек өтілінің 35 жылын басшылық лауазымдарда істеді.
«Құрметті әріптестер, сіздер денсаулық сақтау жүйесінде жинақталған тәжірибелеріңізді өз өңірлеріңізде Қордың жұмысына жаңа сапалы бағыт бересіздер деп үміттенемін. Ортақ мақсаттарға қол жеткізу жолында табыс тілеймін», - деді филиал директорларын ұжымдарға таныстыру барысында Қордың басқарма төрағасы.
Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында кадрларды ротациялау жүргізілуде. Осыған байланысты бірнеше филиалдың басшылары ауыстырылды.
Сәбит Құралбек Жамбыл облысы бойынша филиалына басшы болып келді. Бұрын ол Шымкент қаласы, Алматы және Атырау өңірлерінің филиалдарын басқарған. 28 жылдан астам тәжірибесі бар, оның 20 жылын басшылық қызметтерде істеді. Өз кезегінде Ләззат Әлімова Жамбыл облысы бойынша филиал директоры қызметінен Шымкент қаласы бойынша филиал директоры болып ауыстырылды. Ол 36 жыл еңбек өтілінің 35 жылын басшылық лауазымдарда істеді.
«Құрметті әріптестер, сіздер денсаулық сақтау жүйесінде жинақталған тәжірибелеріңізді өз өңірлеріңізде Қордың жұмысына жаңа сапалы бағыт бересіздер деп үміттенемін. Ортақ мақсаттарға қол жеткізу жолында табыс тілеймін», - деді филиал директорларын ұжымдарға таныстыру барысында Қордың басқарма төрағасы. Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында кадрларды ротациялау жүргізілуде. Осыған байланысты бірнеше филиалдың басшылары ауыстырылды.
10.07.2024
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады.
Жүргізіліп жатқан
трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық
сақтау...
08.07.2026
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026



